Астана қаласы №55 орта мектебінде 13 мамыр күні «Құндылыққа бағдар: оқу-тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбындағы қалалық семинарға

АНЫҚТАМА

2024 жылы 13 маусымда №55 мектепте жетекші мектеп ретінде, серіктес мектептер  №44 орта мектеп және Н.Әбдіров атындағы №33 бастауыш мектеп бала-бақша кешенінің педагогтерінің қатысуымен қалалық семинар өтілді. Семинардың мақсаты: құндылыққа бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде бірлескен жұмыс арқылы іс-тәжірибе алмасу. Бұл құндылыққа бағытталған білім беру аясында мектеп 3 жылдан астап уақыт аралығында жұмыс жасап келеді. Семинардың негізгі бөлімін мектеп директоры Дидар Алимовна сөз алып, мұғалімдерге құндылықтарға негізделген білім берудің маңыздылығын дәріптей отырып, оқушыларды өз пәндеріне деген қызығушылығын арттыруда жұмыс жасап жатқандығы және пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау керектігі туралы айтып, семинарды ашып берді. Әрі  қарай бағдарлама аясында №55 орта мектеп және Н.Әбдіров атындағы №33 бастауыш мектеп бала-бақша кешенінің педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл семинарда жалпы бастауыш сыныпта, ағылшын тілі, математика, химия, дене тәрбиесі және көркем еңбек  пәндерінде және тәрбие саласында ата-анамен баланың қарым-қатынасы,  мектеппен ата-ананың тығыз байланысы, Қазақтың Ұлттық ойындарының элементтерін пайдалана отырып , пәнге деген  оқушылардың ынтасын арттыру, тәрбие сағаттарында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы ата-ананың рөлі, туралы егжей-тегжейлі айтылды. Және де сынып жетекшілер ұзақ мерзімді , қысқа мерзімді жоспраларды қалай құру , қалай жүзеге асырудың тиімді жақтарын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында барша семинарға қатысушылар PADLET тақтасы арқылы кері байланыс жасады. Әдістелек орталықтан келген әдіскер Закира Курманбековна семинардың жоғары деңгейде өтілгені туралы айтып, барлық педагогтерге алдағы уақытта жұмыстарын әрі қарай қарқынды түрде жалғастыруын айтып, семинарды қорытындылап берді.