14 наурыз – Көрісу күні.

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. 

14 наурыз «Көрісу» күні шарасы өткізілуде, атап айтқанда 1 — 11 сынып оқушыларының, ата-аналардың қатысуымен наурыз мерекелері Көрісу күніне арналмақ.