Бүгін мектебімізде балаларды қорқытудың (буллингтің) алдын алу мақсатында Антибуллинг командасының жұмысы бойынша семинар өтті.
Кездесу барысында қатысушылар буллингтің түрлері, оны ерте анықтау және алдын алу тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет алып, тәжірибелік жаттығулар орындады. Сондай -ақ медбике, ас блогының қызметкерлері және техникалық персонал оқушылармен күнделікті байланыста болғандықтан, олардың байқағыштығы мен дер кезінде әрекет етуі балалардың қауіпсіз ортасын сақтауда ерекше маңызға ие екендігі атап өтілді.
👥 Мақсат: мектепте қауіпсіз, жылы, сенімді орта қалыптастыру.
💡 Балаларға қамқорлық — бәріміздің ортақ міндетіміз!

