Бүгін Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді жолдары тақырыбында мұғалімдермен коучинг өтті.

▪️Коучингте білім сапасын арттыруда кездесетін қиындықтарды шешу, үлгермеуші оқушының оқу үлгерімін арттыру,
білім сапасын жақсарту бойынша жасалатын қадамдарды атап, топтық жұмыс жасап, тәжірибелік тапсырмалар орындады.

▪️Үлгермеушіліктің себептері, оқушының мотивациясын арттыру жолдары, жеке оқыту тәсілдері және қолдау көрсету әдістері талқыланды.

📝Коучинг нәтижесінде нақты жағдайлар бойынша мынадай шешім шығарды:

🔸Үлгермеушілікті болдырмау үшін не істеу керек?

▪️*Жекелеген оқыту әдісін қолдану әр оқушының оқу стиліне сай әдістерді таңдау.

▪️Қолдау көрсету – эмоционалдық және психологиялық қолдау көрсету арқылы сенімділігін арттыру.

▪️Қызықтыру және мотивация – геймификация, интерактивті әдістерді пайдалану.

▪️Ата-аналармен жұмыс – мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

▪️Қажетті ресурстарды ұсыну – қосымша сабақтар, онлайн-оқыту құралдары және шығармашылық тапсырмалар беру.