Наурыз– жыл басы, Шығыс халқының мейрамы. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін біздің халық та ерекше құрметтеп, оны тойлауды дәстүрге айналдырған

  Наурыз– жыл басы, Шығыс халқының мейрамы. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін біздің халық та ерекше құрметтеп, оны тойлауды дәстүрге айналдырған. Наурыз – бірліктің, ізгіліктің және жаңа жылды қарсы алудың мерекесі.  Жылдан жылға жақсылық пен жаңалық күтетін халқымыз биылғы Наурызды да ерекше қарсы алды. Мәселен, Аста­надағы №55 орта мектебіндегі Наурыз мерекесі өзгеше айшықпен аталып өтіп жатыр. Аталған білім ұясының директоры Дидар Рахимберлинаның, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәмет Темированың белсенділігімен ұйым­дастырылған, сондай-ақ, ұстаздар мен оқу­шылар құлшыныс танытқан ме­рекелік шара өзгеше бояумен әрленіп, жиналған қонақтарға ата-аналарға айрықша көңіл-күй сыйлады. Мереке залы ерекше ұлттық нақышта безендіріліп, әзірленген көрме өзінің танымдылық мазмұнымен көптің есінде қалды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бұл білім ордасында жоспарға сәйкес, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әр сынып параллельдері арасында ән айтудан, би билеуден, театрландырылған қойылым қойылып, салт-жорал­ғылар жасалды, ұлттық ойындар ойналды. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары «Атамекен» бағдарламасына байланысты «Асық ату», «Секірмек», «Арқан тарту», «Қой көтеру» ұлттық ойындарын көрсетіп жарысқа түсуі мерекенің шырайын кіргізді, орта сыныптар «Шабыт» жобасы аясында «Азан шақырып, ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» театрландырылған қойылымдарын қойды. «Наурыз – жыл басы» тақырыбында өткен мәдени шара соңында оған атсалысқан барлық өнер ұжымы мен оқушылар ерекше көңіл-күймен тарқасты.