8 сыныптар арасында Наурыз мерекесі өткізілді, және ол мереке ерекше әсер қалдырды. Жарқын да әсем әндер, мың бұралған би қадамдары мен ұлттық дәстүрлерімізді насихаттайтын көріністер мерекені шынымен де ерекше етті.
Қазылар алқасы мен барлық көрермендердің көңілінен шыққан 8 “Б” сынып бірінші орынды жеңіп алды. Бұл сыныптың қатысушылары Наурыз мерекесінің рухын тамаша жеткізіп, өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Екінші орынды 8 “Ә” сыныбы иеленді. Олар өздерінің таланттары мен шығармашылық қабілеттерін керемет көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Үшінші орынды 8 “А”, “Г” және “Д” сыныптары бөлісіп алды. Әрқайсысы өз ерекшеліктерімен, түрлі бағыттарда өнер көрсетіп, барлығын таңғалдырды.
Барлық сыныптарға шығармашылық табыстар тілейміз, әрі қарай да өз өнерлеріңізбен биік белестерді бағындыра беріңіздер!