БҰҰ бастамасымен құрылған бұл күн әлемде 1994 жылдан бері тойланып келеді. Отбасы балаларды тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарды сақтау мен өскелең ұрпаққа беруде маңызды рөл атқарады. Отбасында кішкентай азамат Құрмет, Сүйіспеншілік, қолдау, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды біледі. Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әрбір қазақстандық отбасына бақыт пен амандық, өзара түсіністік пен бірлік тілейміз!
Category: Жаналықтар
Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты
«Кәсіпкерлік» құзыреттілігі
Астана қаласының Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 20-21 сәуір аралығында жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша сайыс өтіп жатыр.
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» колледжінің «Құзыреттілік орталығында» өтіп жатқан чемпионатқа 12 елордалық жеткіншектен құралған 6 команда қатысып жатыр:
№55 орта мектеп – Айтбаев Арлан, Меделжан Нұрсезім. Жарайсындар!!! Құттықтаймыз!!!
Қатысушылар чемпионат барысында 10 модульден тұратын тапсырмаларды орындайтын болады:
1 модуль.Біздің команда және бизнес-идея;
2 модуль.Мақсатты топ;
3 модуль.Арнайы тапсырма №1;
4 модуль.Жұмыс процесін жоспарлау;
5 модуль.Арнайы тапсырма №2;
6 модуль.Маркетингтік жоспарлау;
7 модуль.Арнайы тапсырма №3;
8 модуль.Тұрақты даму;
9 модуль.Қаржы құралдары мен көрсеткіштерді қоса алғанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
10 модуль.Фирма/жобаны жылжыту.
Қатысушылардың жұмысын сарапшылар бақылап, бағалайтын болады.
«Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.


19 Наурыз күні мектеп ұжымы Наурыз-думан мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
19 Наурыз күні мектеп ұжымы Наурыз-думан мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Ауыл-ауылға бөлініп,ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрді көрсете отырып, есімдерін жаңғырту мақсатында оны тауып алуды ұсынды. Қала мектептерінен қонақтар қатысып, мерекені Қыдыр атаның ақ батасымен жалғастырды. Мерекелік іс-шара үлкен ауылда болып жатқан Наурыз тойымен қатар, қасиетті Рамазан айына келген ауызашарға ұласты.Балаға ат қоюдан бастап, үйлену тойына жалғасқан […]

Ата-аналардан заңсыз ақшақаражатын жинауға тыйым салу туралы
